Колледж директорының

2021 жылғы 11 ақпандағы № 12

бұйрығына 1-қосымша

 

«Тимирязев аграрлы-техникалық колледжі» КММ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

 

  1. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бекіткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес әзірленді және ұсынымдық сипатта болады.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың әзірлеушісі құқықтық жұмыс бөлімі және Мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі болып табылады.
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласы үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесін белгілеуге бағытталған.
  4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеу міндеттері:

1) қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласында жұмыс істейтін адамдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлықты қалыптастыру;

2) сыбайлас жемқорлық көріністерін дер кезінде анықтау және олардың жағымсыз салдарының алдын алу.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың қағидаттары мыналар болып табылады:

1) заңдылық;

2) ашықтық;

3) әдептілік;

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау және оларды сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғау;

5) мүдделер қақтығысын болдырмау.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты сақтауға және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласында жұмыс істейтін адамдар үшін ұсынымдарды айқындайды.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың негізінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу тұрғысынан лауазымдық міндеттерді орындау бойынша тікелей іс-әрекеттер жатады:

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт әсер еткен саладағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру;

2) өз құзыреті шегінде басқарушылық және басқа шешімдерді дайындау және қабылдау;

3) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау;

4) тиісті тіршілік әрекеті саласының ерекшеліктеріне байланысты басқа да әлеуметтік маңызды қатынастар.

 

 

  1. Қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласында жұмыс істейтін адамдардың мінез-құлқының (іс-қимылының) стандарттары (ұсынымдары)
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарымен әсер ететін салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:

1) ҚР Конституциясын және Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алу;

2) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал ету, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарау;

3) адал, әділ, қарапайым болу, жеке тұлғалармен, заңды тұлғалардың өкілдерімен және әріптестерімен қарым-қатынаста жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтау, сыпайылық пен әдептілік таныту;

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне әсер ететін шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету;

5) өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмау, сынағаны үшін қудалауға жол бермеу, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалану;

6) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбау;

7) шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпау;

8) жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеу;

9) мемлекеттік органда еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету.

  1. Мемлекеттік қызметтер және өзге де рұқсат беру функцияларын көрсету кезінде:

1) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдау;

2) көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсыну;

3) көзделмеген құжаттарды талап етуге жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер мен өзге де рұқсат беру функцияларын көрсету барысында қағазбастылықты (төрешілдікті) барынша болдырмау;

4) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға итермелеу кезінде басшылыққа баяндау;

5) мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде үнемділік пен тиімділікті және мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіруді қамтамасыз ету.

  1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға байланысты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде:

1) Мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау;

2) Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін әлеуетті өнім берушілерге тең мүмкіндіктер беру;

3) Мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету;

4) сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу;

5) атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар және Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім беруші және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) ретінде қатысуға жол бермеу.

  1. Өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде:

1) қызметтік міндеттерді орындау кезінде мүдделер қақтығысының, жеке бас мүддесінің туындағаны туралы, Сыбайлас жемқорлық мінез-құлыққа және сыйлықтар алуға көндіру туралы тура немесе тікелей басшыға баяндау;

2) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбау;

3) әріптестерге, басшыларға және өзге де лауазымды тұлғаларға лауазымдық өкілеттіктерді пайдалана отырып мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін сыйлықтар бермеу және қызметтік емес қызметтер көрсетпеу;

4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ашуда белсенділік таныту;

5) өздеріне белгілі болған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы, сондай-ақ материалдарды тездетіп қарағаны үшін қандай да бір пайда алуға итермелеу немесе әуре-сарсаңға салу туралы басшылыққа баяндау;

6) жазбаша түрде тікелей басшыға орындау үшін алынған өкімнің заңдылығына күмән туғаны туралы хабарлау;

7) егер тікелей басшының өзі мүдделер қақтығысына тартылған болса, жоғары тұрған басшыға жүгіну қажет;

8) кірістер алумен байланысты кәсіпкерлік және өзге де қызметті жүзеге асыруда біреуге көмек көрсетуден бас тарту.

  1. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау кезінде:

1) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау мен талқылауда жұртшылықтың, бұқаралық ақпарат құралдарының міндетті қатысуын қамтамасыз ету;

2) ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің құқықтық актілердің мониторингін жүргізуін үйлестіруді және тұрақты негізде тиісті есептер дайындауды қамтамасыз ету;

3) әзірленген нормативтік құқықтық актілердің жобалары мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілгенге дейін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жариялы талқылау үшін орналастырылсын;

4) нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық факторлары немесе олардың белгілері бар нормаларды пайдаланбау.

  1. Қызметкерлерді/жұмыскерлерді іріктеу және орналастыру бойынша кадрлық жұмысты ұйымдастыру кезінде:

1) тағайындауға арналған материалдарын қараудың белгіленген мерзімдерін сақтау;

2) ұйымға қызметке/жұмысқа қабылдау кезінде лауазымды тұлғаларға жүктелетін негізгі міндеттерді, тыйымдар мен шектеулерді түсіндіру;

3) кадрларды іріктеу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау;

4) мемлекеттік қызметшілердің жеке деректері туралы мәліметтерді негізсіз беруге жол бермеу;

5) қызметке/жұмысқа үміткерлерден еңбек шартын жасасу үшін қатысы жоқ құжаттарды талап етпеу;

6) қызметкерлерге қатысты қызметтік тексерулерді объективті және жан-жақты жүргізу.

  1. Тіршілік әрекеті саласының ерекшелігіне байланысты туындайтын басқа қатынастар кезінде:

1) бағынысты лауазымды тұлғалардың қызметтік өкілеттіктерінің міндеттері мен көлемін нақты және анық айқындау;

2) қарамағындағы лауазымды тұлғалар арасында еңбек жүктемесін біркелкі бөлмеуге жол бермеу;

3) олардың қызметінің нәтижелерін бағалау кезінде, сондай-ақ көтермелеу және жазалау шараларын қолдану кезінде әділдік пен объективтілік таныту;

4) бағынысты қызметкерлерге қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, адамдық қадір-қасиетін кемсіту, жөнсіздік, орынсыз мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге;

5) нақты орындалмайтын немесе олардың лауазымдық міндеттерінен тыс, сондай-ақ заңнамаға қайшы келетін өкімдер бермеу;

6) қызметтен тыс сипаттағы мәселелерді шешу кезінде бағыныштылардың қызметіне ықпал ету үшін қызмет бабын пайдаланбау;

7) қарамағындағы қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мәжбүрлемеу;

8) әріптестердің өз лауазымдық міндеттерін орындау барысында туындаған мүдделер қақтығысын реттеу бойынша түбегейлі шараларды уақтылы қабылдау;

9) мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, автокөлік құралдарын қоса алғанда, меншікті қызметтік мақсаттарда ұтымды, тиімді пайдалану.