«Тимирязев аграрлы-техникалық колледжі» КММ

қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау

 

 

         Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес колледждің 10.09.2020 жылғы № 63 бұйрығымен құрылған «Тимирязев аграрлы-техникалық колледжі» КММ (бұдан әрі-Колледж) жұмыс тобымен колледж қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау:

  • бөлімшенің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
  1. Колледж өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 «Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Жарлығын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы», Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы «Баланың құқықтары туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі» Кодексі, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VІ ҚРЗ «Педагог мәртебесі туралы» Заңын басшылыққа алады.

 Жоғарыда көрсетілген нормативтік құқықтық актілерді қолдану барысында колледж функцияларын іске асыру бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ:

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде атқарып отырған лауазымынан 3 адам босатылды

  • 2 адам зейнеткерлік жасқа толуына байланысты.
  • 1 басқа жұмысқа ауысуына байланысты

Колледж қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасау фактілері жоқ.

Мүдделер қақтығысын реттеу мәселесі бойынша:

Есеп беру кезеңінде колледж қызметкерлері арасында мүдделер қақтығысы болған жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша:

Колледж 8 мемлекеттік қызмет көрсетеді: жатақханадан орын беру, білім туралы телнұсқа беру, білім алушыларды тегін тамақтандыру, ауыстыру және қайта қабылдау, академиялық демалыс беру, студенттерді оқуға қабылдау, педагог қызметкерлерді аттестаттау, аяқталмаған білім туралы анықтама беру. Барлық көрсетілетін қызметтер бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар фактілері анықталған жоқ.

Рұқсат беру функцияларын іске асыру мәселесі бойынша:

Колледж Жарғыға сәйкес лицензиялар мен рұқсат беру сипатындағы басқа да құжаттарды берумен айналыспайды.

Бақылау және қадағалау функцияларын іске асыру мәселесі бойынша:

Ережеге сәйкес Басқару бақылау және қадағалау функцияларына ие емес.

Мемлекеттік сатып алуды өткізу мәселесі бойынша:

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға сәйкес жүргізіледі.

Есепті кезеңде мемлекеттік сатып алу Баға ұсыныстарын сұрату тәсілдерімен және бір көзден тікелей шарт жасасу әдісімен жүзеге асырылды. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді ұсынатын әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын қарау кезінде олардың үлестестігі анықталған жоқ.

Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Қорытынды: ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және колледж өз функцияларын іске асыру кезінде нормативтік құқықтық актілерді қолдану барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар анықталған жоқ.

         Бұдан басқа, колледж сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды күшейту бойынша тұрақты және мақсатты жұмыс жүргізуде.

         2019-2021 жылдарға арналған «Тимирязев аграрлы-техникалық колледжі» КММ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы іске асыруға бағытталған ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар жоспары әзірленді және бекітілді.

         Жұмыс тобының мүшелері:

Шарипова Е.Р.

Буклешова Н.В.

Курманова А.К.

Иванова Т.В.

Маканова А.Е.

 

Директор                                  Ж.Жантоков