Колледж директорының

2021 жылғы 11 ақпандағы № 12

бұйрығына 2-қосымша

 

«Тимирязев аграрлы-техникалық колледжі» КММ

ӘДЕП КОДЕКСІ

 

 

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

  1. «Тимирязев аграрлы-техникалық колледжі» КММ-нің осы әдеп кодексі (бұдан әрі-Кодекс) Халықаралық Еңбек Ұйымының, Жарғының және өзге де ішкі құжаттардың талаптарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелеріне сәйкес әзірленді және ұйым қызметкерлері басшылыққа алатын қағидалар мен қағидаттардың жиынтығын білдіреді.
  2. Осы Кодекстің мақсаты ұйымда корпоративтік мәдениетті дамыту және мінез-құлықтың үздік практикасын қолдану арқылы мүдделі тұлғалармен тиімді өзара іс-қимылды құру болып табылады.
  3. Ұйым стратегиялық маңызды да, ұйымның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері тап болатын күнделікті жағдайларда да шешімдер қабылдау үшін лауазымды тұлғалармен және қызметкерлермен, басқа да мүдделі тұлғалармен өзара қарым-қатынастарда осы Кодекстің талаптарын қабылдайды және ұстанады.
  4. Осы Кодексте мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:

Әдеп — лауазымды тұлғалар мен қызметкерлер өз қызметінде басшылыққа алатын іскерлік мінез-құлықтың әдептік қағидаттары мен нормаларының жиынтығы;

Мүдделі тұлға — Заңнамада және Жарғыда көзделген құқықтарын іске асыратын тұлға

Мүдделер қақтығысы — қызметкердің немесе лауазымды тұлғалардың жеке мүддесі оның лауазымдық міндеттерін бейтарап орындауына әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін жағдай;

Қызметкер— еңбек қатынастарында тұратын және еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын тұлға.

 

1 ТАРАУ. ӘДЕПТІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ

 

1.1. Негізгі корпоративтік құндылықтар болып табылады:

  • Меритократия: әрқайсысының үлесі мен жетістіктерін бағалаудағы әділдік пен объективтілік.
  • Құрмет: команданың басқа мүшелеріне құрметпен қарау.
  • Адалдық: өз серіктестеріне адалдық.
  • Ашықтық: байланыстар мен серіктестерге ашықтық.
  • Командалық рух: бірлескен қызметтен жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін ынтымақтастық.
  • Сенім: өзара көмек және сенім мәдениетіне бейілділік.
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

 

1.2. Ұйымның қызметі ұйымның және әдеп пен мінез-құлық ережелерінің талаптарын сақтауға негізделген барлық мүдделі тұлғалардың қатынастарына негізделген. Өзара міндеттемелерді сақтау-сындарлы жұмыстың қажетті шарты.

 

2 ТАРАУ. ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ӘДЕПТІК НОРМАЛАРЫ

 

2.1. Ұйымның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері

 

2.1.1. Ұйым өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

  • адам құқықтарының сақталуын және құрметтелуін қамтамасыз етеді;
  • оның мүдделі тұлғалармен қарым-қатынастарының өзара тиімді болуына ұмтылады;
  • қызметкерлерді оқыту және кәсіби дамыту бағдарламаларына сәйкес өздігінен білім алуға және кәсіби дамуға ұмтылатын қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру үшін тең жағдайлар жасайды ;
  • біліктілік деңгейіне, орындалатын жұмыстың күрделілігі мен сапасына қарай қызметкерлерге еңбегі үшін сыйақы төлеуді қамтамасыз етеді;
  • нәсілдік, діни, ұлттық, жыныстық, жас, саяси және өзге де белгілері бойынша кемсітушілікке жол бермейді; кадрларды іріктеу мен жоғарылатуды тек қана біліктілік талаптарына сәйкестік негізінде, кәсіби қабілеттерін, білімі мен дағдыларын ескере отырып жүзеге асырады;
  • қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдайды, сондай-ақ қызметкерлер үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасайды;
  • заңнамада және ішкі құжаттарда белгіленген шекте құпия ақпараттың жария етілмеуін қамтамасыз етеді;
  • лауазымды адамдар мен қызметкерлер арасында жанжалдар туындаған жағдайда ашық және сенімді диалог үшін жағдай жасайды, еңбек даулары мен қақтығыстардың алдын алу / болдырмау бойынша алдын-алу шараларын қабылдайды, медиация рәсімдерін қолданады;
  • іске асырылуы оң әсер ететін қызметкерлердің бастамашыл идеялары мен ұсыныстарын бағалайды және көтермелейді;
  • жеке лауазымды адамдар мен қызметкерлерге Заңды негізден басқа, барлығына бірдей мүмкіндіктер міндетті түрде қамтамасыз етіле отырып, қандай да бір артықшылықтар мен жеңілдіктер беруге жол бермейді;
  • осы процестің кез келген кезеңінде, лауазымды тұлғадан шешім қабылдайтын кез келген қызметкерге дейін мүдделер қақтығысы туындамайтын шешімдер қабылдау үшін жауапты болады;

 

2.3. Мемлекеттік органдар

 

2.3.1. Ұйымның мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, Жарғыға, осы Кодекске және өзге де ішкі құжаттарға сәйкес Тараптардың тәуелсіздігі негізінде, мемлекеттік органдар тарапынан да, лауазымды тұлғалар мен қызметкерлер тарапынан да сыбайлас жемқорлық және басқа да құқыққа қарсы іс-әрекеттерге жол бермеу қағидатын сақтай отырып жүзеге асырылады.

 

3 ТАРАУ. ҰЙЫМНЫҢ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ МІНДЕТТЕРІ

 

3.1. Ұйымның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері міндетті:

  • Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Әнұран — Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға;
  • жалпы қабылданған моральдық-әдептік нормаларды сақтауға, мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, халықтардың салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға;
  • сыпайы және әдепті болуға;
  • немқұрайлылық пен дөрекілікке төзбеуге;
  • әріптестерге қолдау көрсету және көмек көрсетуге;
  • көмек бергені үшін, тіпті егер ол толық көрсетілмесе де әрдайым ауызша алғыс айтуға;

3.2. Ұйымның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

  • осы Кодексте белгіленген әдеп талаптары мен мінез-құлық қағидаларын мұқият зерделеу, түсіну және адал ниетпен ұстану;
  • өзінің лауазымдық қызметтері мен міндеттерін адал, кәсіби, тиімді және әділ орындау;
  • мәртебесі мен лауазымына қарамастан өзіне қабылдаған міндеттемелер үшін жауапты болу;
  • әдеп қағидаттары мен мінез-құлық қағидаларын бұзу мәселелері бойынша тергеу жүргізу кезінде жәрдем көрсету;
  • басқа жеке және заңды тұлғаларға олардың қадір-қасиеті мен абыройын қозғайтын, ар-намысын, қадір-қасиетін және беделін қорғау жөнінде, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілер арқылы сот талқылауына әкеп соғуы мүмкін тікелей немесе жанама мінездеме бермеу;
  • ҚР заңнамаларының талаптарына сәйкес басқарушылық шешімдер қабылдау;
  • Кодекс талаптарына адалдықты жеке үлгі ретінде көрсету;
  • бағынушы қызметкерлер арасында корпоративті рухты құруға, ұйымның жалпы миссиясымен, құндылықтарымен және қағидаларымен біріктірілген команда құруға уақыт бөлу;
  • қол астындағыларға кеңес және тәлім беру;
  • шешімдер қабылдау кезінде ашықтық пен бейтараптық қағидаттарын басшылыққа алу керек;
  • дұрыс ақпаратты уақтылы, құпиялылық нормаларын бұзбай және ұйымның шешімдері мен актілерін, ішкі құжаттарын ескере отырып ұсыну;
  • Ұйым қызметкерлері әдеп пен мінез-құлық ережелерінің талаптарын сақтамауға алаңдаушылық білдіретін мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру. Әдеп және мінез-құлық ережелері талаптарының сақталуын көтермелеу.
  • еңбек тәртібін сақтау;
  • жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік және өндірістік санитария жөніндегі талаптарды сақтау;
  • мүлікке ұқыпты қарау;
  • адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен жұмыскерлер мүлкінің сақталуына қатер төндіретін жағдай туындағаны, сондай-ақ жұмыстың бос тұрып қалу туындағаны туралы жұмыс берушіге хабарлауға;
  • Еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияларды, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеу;
  • келтірілген залалды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектерде жұмыс берушіге өтеу;
  • өз құзыреті шегінде ұйымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша мақсатты жұмыс жүргізу;
  • өз қызметінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлық заңнамасы нормаларының сақталуын қамтамасыз ету;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша шаралар қабылдау;
  • Ұйым қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру және сақталуын қамтамасыз ету;
  • ұйым қызметкерлеріне жүктелген міндеттердің адал орындалуын қамтамасыз ету;
  • Ұйымда мемлекеттік сатып алу процедураларын қатаң Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізуді қамтамасыз ету;
  • студенттердің ата-аналары, көпшілік алдында, қамқоршылық кеңеспен бірге, оның ішінде бюджеттік және бюджеттік емес қаражаттың шығыстары, сондай-ақ Ұйымның қаржылық-экономикалық қызметі туралы есеп беру кездесулерін өткізу;
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын ескере отырып, тарифтеу және кадрлармен қамтамасыз етуді ұйымының ресми интернет-ресурстарында жариялауды қамтамасыз ету;
  • қызметтік құпияны жария етпеу, сондай-ақ қызметтік ақпараттың таралуы бойынша шаралар қабылдау;
  • жұмыс берушімен жазбаша түрде іссапарларды, жоғары тұрған органдарға өтініштерді, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарды келісу.

4 ТАРАУ. МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

4.1. Корпоративтік мәдениет

4.1.1. Ұйым қызметкерлері әдеп кодексінің талаптарын ескере отырып, басқа әріптестермен Әдеп қағидаттары, қабылданған іскерлік мінез-құлық ережелері саласындағы білімдерімен бөлісе отырып, әдеп талаптарын сақтай отырып және талап бұзушылықтардың алдын ала отырып, ұйымдағы корпоративтік мәдениеттің дамуына үлес қосуы керек.

4.1.2.  Ұйым қызметкерлері корпоративтік рухты қалыптастырып, Кодекс талаптарының сақталуын келесі тәсілдермен қолдауы тиіс:

  • қол астындағылармен жеке түсіндірме кездесулер ұйымдастыру;
  • өзіндік мысал, яғни олардың мінез-құлқын жұмысшылар үшін үлгі ретінде пайдалану;
  • талаптарды сақтау жұмыс орнындағы тиімділіктің міндетті факторы болып табылатындығын жалпыға бірдей түсінуді қамтамасыз ету.

4.1.3. Ұйым қызметкерлері өздерінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде киімнің іскерлік стилін ұстануға тиіс.

4.1.4. Ұйым қызметкерлері келіссөздер кезінде қисынды және құрметпен сөйлесуі керек.

4.1.5. Ұйымның барлық қызметкерлері корпоративтік ойын-сауық немесе спорттық іс-шараларға қатыса алады. Сондай-ақ, қызметкерлер арасында корпоративтік рухты арттыру мақсатында іс-шараларды өткізу бойынша ұсыныстарды өздері енгізе алады.

4.1.6. Ұйым қызметкерлері құжат айналымы жөніндегі ұйымның ережелерін сақтауға және барлық қажетті құжаттаманы тәртіппен сақтауға міндетті. Барлық қызметкерлер өздерінің жұмыс орындарын ұқыпты және көрнекті түрде сақтауы керек.

 

4.2. Қоғаммен байланыс

4.2.1. Ұйым қоғаммен және бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым-қатынаста жоғары этикалық стандарттардың сақталуын бақылайды. Ұйым басшы қызметкерлердің көпшілік алдында сөйлеген сөздерінде, өзінің ақпараттық-жарнамалық материалдарында немесе жұртшылықпен байланыс жөніндегі басқа да іс-шараларда жалған ақпарат таратуға, фактілерді жасыруға және/немесе бұрмалауға жол бермейді. 

4.2.2. Бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде әлеуметтік желілерде, жария сөз сөйлеу, ұйымның оқиғаларына түсініктеме беру немесе ұйым атынан қандай да бір мәлімдеме жасау құқығы тек осы жария мәлімдемелерді жұмыс берушімен келісу кезінде ұйымның уәкілетті лауазымды тұлғалары мен қызметкерлеріне ғана беріледі.

4.2.3. Ұйым атынан сөз сөйлеген кезде қызметкерлер жалпы қабылданған кәсіби мінез-құлық пен әдеп нормаларын сақтауға, тек дұрыс ақпаратты таратуға, сондай-ақ әлеуметтік, нәсілдік және ұлттық араздықты қоздыратын ақпараттың таралуына жол бермеуге міндетті.

4.2.3. Ұйымның лауазымды адамдары мен қызметкерлері қызметтік іс-әрекет және ұйым қызметінің мәселелері бойынша, жалпы алғанда, өз пікірін жария түрде білдірмегені жөн, егер ол:

  • Университет қызметінің негізгі бағыттарына сәйкес келмесе;
  • университеттің қызметтік ақпараттарын ашса;
  • университеттің лауазымды тұлғаларының атына әдепке жат сөздер айтудан тұрса.

 

4.3. Бақылау шаралары

4.3.1. Ұйым қызметкерлері Кодекстің талаптарын қатаң сақтауға және талаптардың кез келген бұзылуы туралы хабарлауға міндетті.

4.3.2. Ұйымның қызметкерлері стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін әдептің негізгі құндылықтары мен қағидаттарын ескере отырып, іскерлік шешімдер қабылдайды және олардың алдына қойылған міндеттерді іске асыру үшін толық жауапты болады.

4.3.3. Ұйымның тиісті қызметкерлері құзыретіне сәйкес әдеп талаптарын бұзумен байланысты проблемаларға (әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті адамдар) жауап беруге міндетті):

  • жағдайды түзету және кемшіліктерді жою бойынша уақтылы шаралар қабылдау;
  • заңнамада белгіленген тәртіппен тәртіптік сипаттағы пәрменді шаралар қабылдау / ұсыну;
  • тиісті құрылымдық бөлімшелермен/органдармен оларға қажетті мәліметтерді ұсына отырып консультациялар өткізу.

Бұл іс-әрекеттер ішкі тәртіптерге сәйкес ресімделуі тиіс.

4.3.4. Ұйым қызметкерлерді ынталандырады және жетілдіру бойынша кез-келген сындарлы ұсыныстарға оң көзқараспен қарайды.

4.3.5. Кодекстің талаптарына қатысты және/немесе жұмыс барысында туындаған әдептік мәселелер бойынша, сондай-ақ Кодекстің талаптарын бұзу фактілері, сыбайлас жемқорлық және басқа да құқыққа қайшы әрекеттер бойынша ұйымның лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлері, сондай-ақ мүдделі тұлғалар өтініш беруге құқылы:

  • тікелей басшыға, әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілге;
  • ұйым қызметкерлерінің әдептің бекітілген талаптарын бұзу жағдайлары анықталған жағдайда, шешім қабылдау үшін материалдар кадр қызметінің қарауына жіберіледі.

 

 

5 ТАРАУ. ӘДЕП ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛЕТТІ ИНСТИТУТЫ

 

5.1. Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілдің құқықтары мен міндеттері

  • Әдеп жөніндегі уәкілді ұйым басшысы 2 жылда 1 рет тағайындайды.
  • Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілдің негізгі функциялары Кодекстің ережелерін сақтамау туралы мәліметтер жинау, кодекс ережелері бойынша қызметкерлерге, лауазымды тұлғаларға кеңес беру, Кодекс ережелерін бұзу бойынша дауларды қарауға бастамашылық ету және оған қатысу болып табылады.

5.2. Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкіл құқылы:

  • келіп түскен өтініштер негізінде де, сондай-ақ өз бастамасы бойынша да Кодекстің бұзушылықтарын анықтау бойынша рәсімдер жүргізуге бастамашылық жасауға;
  • Кодексті сақтамау мәселелері бойынша қызметкерлерге, лауазымды тұлғаларға жеке жүгінуге;
  • қызметкерлерге, лауазымды тұлғаларға Кодекстің ережелеріне талқылауға және түсіндірме беруге.

5.3. Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкіл міндетті:

  • кодексті бұзу мәселелері бойынша дауларды қарау рәсімдерін жүргізу кезеңінде, мұндай істерді қарауға бастамашылық ету себебінен оларды мәжбүрлеп жұмыстан шығару жағдайлары туындаған жағдайда қызметкерлерді қорғауды (еңбек заңнамасында белгіленген рәсімдер шеңберінде) қамтамасыз етуге;
  • Кодекстің сақталмауына қатысты мәселелерді қарау кезінде қатысуға;
  • Кодекс ережелерін сақтамау мәселелері бойынша қызметкерлердің, лауазымды тұлғалардың, сондай-ақ іскерлік серіктестер мен мүдделі тұлғалардың өтініштерін есепке алуды жүргізуге;
  • 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берген жағдайда ұйым қызметкерлеріне Кодекс ережелерін түсіндіріп беруге;
  • Кодексті сақтамау мәселелері бойынша дауларды қарауда тәуелсіздік пен бейтараптықты сақтауға;
  • Кодекстің ережелерін бұзғаны үшін жүгінген қызметкердің, лауазымды тұлғаның жасырын болуын қамтамасыз етуге (егер жасырын қалғысы келсе).

 

6 ТАРАУ. ҚОРЫТЫНДЫ

 

6.1. Ұйым басшылығы өзектілендіру және жетілдіру мақсатында осы Кодекстің талаптарын қайта қарайды және жетілдіреді, олардың практикада қаншалықты іске асырылып жатқанын талдайды, сондай-ақ қажет болған кезде мүдделі тұлғалардың ұсыныстары мен ұсынымдарын ескере отырып, оған өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізеді.

6.2. Кодексті іске асыруды іс жүзінде қолдану мақсатында қабылдануы қажет ұсынымдар белгіленген тәртіппен қарауға ұсынылуы және бекітілуі мүмкін.

 

7 ТАРАУ. ЖАУАПКЕРШІЛІК

7.1 Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, еңбек шартына, осы Кодекске, сондай-ақ жұмыс беруші айқындайтын шешімдер мен актілерге сәйкес жауапты болады.