Жаңалықтар

26 маусымда колледж қабырғасында мерекелік атмосфера үстем болды. Сабақтар аяқталды, студенттер білімнің соңғы сынақ жолынан өтті.

 

2019 жылғы 27 мамырда «Тимирязев аграрлы-техникалық колледжі» КММ сынып сағаттар аясында ТМД - дағы Кітап жылына арналған бірыңғай сабақ болды. Сабақ 1-2 курс студенттерін қамтыды.

Аграрлы колледжге келген көктем күндері спорт алаңында жеңістер мен табыстарға қол жеткізер кезең болды. Жаттықтырушы О.А. Рахимовтың басшылығымен жігіттер командасы Есіл ауданы Петровка ауылында өткен Солтүстік Қазақстан облысы  колледждерінің студенттері арасындағы теннис бойынша жарыстарға қатысты. Ескендір Мирас, Ережепов Шынболат, Жасұлан Ғалымбек және Қуандық Әділет керемет ойын көрсетті. Қыздар арасында 2-курс студенттері Люшина Алина мен Қасымова Камила жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Жарыстың қорытындысы бойынша біздің команда 1-ші орынды жеңіп алды.

26 ақпан күні колледжге  тұрғындарды әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, жастар ісі бойынша облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының мүшелерінен тұрған бір топ депутаттар келді. 

Аграрлық колледжде Ауғанстан елінен Кеңестік әскерін шығаруының 30 жылдығына арналған еске алу кеші өтті. Осы іс-шараның құрметті қонағы ауған соғысының ардагері А.У.Кушеров болды. Кездесуге Тимирязев ауданының прокуроры Т.Е.Салпыков, Тимирязев селолық округының әкімі С.О.Байгужин, С.Мұқанов атындағы ТЖББГМ және Сулы-Элеваторная НМ-нің 9-сынып оқушылары қатысты.

Республикасының Тәуелсіздігі Күні қарсаңында жыл сайын колледж қабырғасында әскери-спорттық «ЖасҰлан» ойыны өтеді. Биылғы жылы АӘД мұғалімі Ж.Ш.Омаровтың жетекшілігімен жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Студенттердің әскери іске дайындықтағы білімі, біліктілігі және дағдысын білікті қазылар алқасы бағалады, олардың құрамына Тимирязев ауданының қорғаныс ісі бойынша бөлімінің бастығы майор А.Ж.Бекешев, Ауған соғысының ардагері К.К.Сыздықов және «Жастар бастамалары дамыту орталығы» КММ директоры Л.Каким кірді.

Колледжде осындай ұранмен Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес Күніне орай конференция өтті. Бұл іс-шараны ұйымдастырушы колледждің әлеуметтік педагогы тұлғасында А.Е.Маканова әлеуметтік-психологиялық қызметі болды. Конференцияның басты мақсаты - студенттерге ЖИТС-тің қауіптілігі және оның алдын алуы туралы білімдерін тереңдету.