26 маусымда колледж қабырғасында мерекелік атмосфера үстем болды. Сабақтар аяқталды, студенттер білімнің соңғы сынақ жолынан өтті.


Оқуды бітірген 40 студенттің ішінде, білікті жұмысшыларды дайындау бағдарламасы бойынша білім алған механизаторлар мен аспаздар. 2019 жылғы түлектерді үздік деп санауға болады: дипломдардың ең көп үлесі «4» және «5» деген бағамен бағаланған, 25 құрмет грамотасы, 8 ата-анаға алғыс хат берілді.


Салтанатты іс-шараға шақырылған Тимирязев аудандық мәслихатының хатшысы С.Мұстафин, колледж директоры Ж.Жантоқов және мұғалімдер түлектерге құттықтау сөздерін айтты.


Дәстүр бойынша, оқуды бітіру салтанатында тек студенттердің оқуын ғана емес, сонымен қатар инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің жұмысын да қорытындылады. Көп жылдар бойы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне сіңірген адал еңбегі үшін Тимирязев ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Н. Шимановская марапатталды. Колледж әкімшілігі А.Нүрекенов, И.Климин, Б.Телемесова, А.Леонтьева, С.Бердимұратты құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапаттады.

        
Ресми бөлімнің соңында концерттік бағдарлама ұйымдастырылды, онда мерекелік іс-шараның иелері, АМҮ солисті С. Мейрамов және колледждің дарынды әншісі М. Мерк орындаған әндер шырқалды.

        
2019 түлектері үлкен ересек өмірге аяқ басты. Олардың бір бөлігі жұмысқа кіріседі, біреулері Қазақстан Республикасының қарулы күштері қатарында әскери парызын өтеуге аттанады, кейбіреуі жоғары оқу орындарында оқуын жалғастырады. Колледж оқытушылары қазіргі түлектерді достық студенттік отбасына шақырады! Барлық түлектерді құттықтаймыз! Сіздерге сәттілік! Сапарларың оң болсын, 2019 түлегі!