Аграрлық колледжде Ауғанстан елінен Кеңестік әскерін шығаруының 30 жылдығына арналған еске алу кеші өтті. Осы іс-шараның құрметті қонағы ауған соғысының ардагері А.У.Кушеров болды. Кездесуге Тимирязев ауданының прокуроры Т.Е.Салпыков, Тимирязев селолық округының әкімі С.О.Байгужин, С.Мұқанов атындағы ТЖББГМ және Сулы-Элеваторная НМ-нің 9-сынып оқушылары қатысты.


Колледж студенттері Мерк Марина, Касымова Камила, Пилипенко Владимир және Бойко Людмиланың орындауында ауған соғысы туралы әндер шырқалып, колледж студенттерінің күшімен «Афганистан – наша боль…» атты әдеби-музыкалық композиция дайындалды.


Іс-шара сап және саптық ән байқауымен аяқталды, онда «Аспаз» біліктілігінің 3 курс студенті Құрманғалиева Әсемгүлдің басқаруымен колледж түлектерінің взводы үздік машықтық пен дайындығын көрсетті.