26 ақпан күні колледжге  тұрғындарды әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, жастар ісі бойынша облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының мүшелерінен тұрған бір топ депутаттар келді. Оған Тайыншы аудандық ауруханасының бас дәрігері А.Рафальский, «Кантемир-Агро» ЖШС директоры Б.Абильмажинов, балалар- жасөспірімдер кітапханасының әдіскері Е.Старостина, облыстық мәслихат аппаратының бас инспектор-заңгері А.Кудабаева кірді.  Топ жұмысына Тимирязев ауданының әкімі Нұрлан Кеңесов, аудандық мәслихат хатшысы С.С.Мұстафин, аудан әкімінің орынбасары Ү.Қ.Нұртазина қатысты.

 

Делегация колледждің оқу-тәрбие үрдісімен танысты. Шеберханалар мен зертханалар, жатақхана мен спорт залын келіп қарады. Экскурсия акт залында студенттермен кездесумен аяқталды. Білім алушылар депутаттарға өздерін қызықтыратын сұрақтарды қою және дәлелді жауап алу мүмкіндіктеріне ие болды.