Жаңалықтар

26 маусымда колледж қабырғасында мерекелік атмосфера үстем болды. Сабақтар аяқталды, студенттер білімнің соңғы сынақ жолынан өтті.

 

2019 жылғы 27 мамырда «Тимирязев аграрлы-техникалық колледжі» КММ сынып сағаттар аясында ТМД - дағы Кітап жылына арналған бірыңғай сабақ болды. Сабақ 1-2 курс студенттерін қамтыды.

Аграрлы колледжге келген көктем күндері спорт алаңында жеңістер мен табыстарға қол жеткізер кезең болды. Жаттықтырушы О.А. Рахимовтың басшылығымен жігіттер командасы Есіл ауданы Петровка ауылында өткен Солтүстік Қазақстан облысы  колледждерінің студенттері арасындағы теннис бойынша жарыстарға қатысты. Ескендір Мирас, Ережепов Шынболат, Жасұлан Ғалымбек және Қуандық Әділет керемет ойын көрсетті. Қыздар арасында 2-курс студенттері Люшина Алина мен Қасымова Камила жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Жарыстың қорытындысы бойынша біздің команда 1-ші орынды жеңіп алды.

26 ақпан күні колледжге  тұрғындарды әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, жастар ісі бойынша облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының мүшелерінен тұрған бір топ депутаттар келді.